Закрыть

Закрыть
Новости > «Менің арманынның түсі қандай?»

«Менің арманынның түсі қандай?»

25.09.2023

Ұстаздар күніне арналған «Менің арманынның түсі қандай?» атты көрме көрермендерге жол тапты. Аталмыш көрме Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернатының 8 «В» сынып оқушысы Кречетова Верониканың жұмыстары негізінде ұйымдастырылды.

Мәдени шараны құттықтау сөзбен мектеп-интернат, колледж басшысы Ерлан Карибаев ашып, Кречетова Верониканы Алғыс хатпен марапаттады. Көрмеге мектеп-интернат оқушылары, колледж студенттері, ұстаздар, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Вероника өз көрмесінде академиялық кескіндеме, академиялық сурет және үйлестіру (сәндік-қолданбалы өнер) пәндерінен орындаған жұмыстарын ұсынды. Кречетова Вероникаға білім беруші ұстаздары Хакимжанова А.А., Накисбекова С.Ж., Ханкелді-Калимова Т.Г. және сынып жетекшісі М.А. Садыковаға алғыс білдіреміз!

25 қыркүйек 2023 жыл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *