Закрыть

Закрыть
Новости > «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»

«АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»

14.03.2022

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернаты — ЮНЕСКО Клубы шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –

8 НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып,  «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»  атты көрме-байқауын 03-14.03.2022ж. ұйымдастырып, осынау жарқын мереке күні Әжелерге, Аналарға, Аруларға деген құрметін, жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын, ыстық ықыластарын осы көрме арқылы көрсетті.

Мектеп-интернат оқушылары көрермендерге 41-ге жуық 30х30 өлшемінде «Композиция» номинациясы бойынша қайталанбас туындыларын ұсынды.

            Көрме-байқауға қатысуға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернатының 8-9 сынып оқушылары қатысты.            Қатысушылардың жұмыстарын бағалау тәуелсіз Қазылар алқасының жабық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар 1-3 орын Дипломдарымен марапатталды.            Қазылар алқасының құрамы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы оқытушыларынан болды: Агатаев С.З.,Нурпейіс М.Е., Досжанов Б.Т., Талдыбаева А.С.. І орын Диплом, сыйлық- 30 000 тг. Әльфарабиқызы Айғаным, 8 сынып  оқушысы;  ІІ орын Диплом, сыйлық — 20 000 тг. —  Асан Әмина, 9 »А» сынып оқушысы ІІІ орын Диплом, сыйлық – 10 000 тг. – Жумабаева Алима, 9 »А» сынып    оқушысы.      Көрмеге қатысушыларға Диплом және жетекшілеріне Диплом берілді.            Сонымен қатар, мектеп-интернаттың оқу жұмысы және бейіндік оқыту жөніндегі мектеп-интернат, колледж басшысының орынбасары Толыбай Д.Б. мен мектеп-интернат педагогы Кастеева Г.А.  өз аттарынан атаулы жүлде жасады  және мектеп-интернат, колледждің «Станокты үйлестіру», «Сәндік-қолданбалы үйлестіру» пәндері педагогтары –  Магавина К.А., Жумашева С.А., Раимбекова Ш.Б., Оспанова А.Т., Серикқызы А., Қуантаева А.А., Қанкелді Т.М., Тасимова Г.Е., Накисбекова С.Ж. өз тараптарынан сыйлықтар жасап, оқушылардың өнерлерінің үстем болуына үлкен тілек білдірді.

Өнер саласындағы жасөспірімдерге білім берудегі осындай шығармашылық шаралардың біздің оқу орнының оқушыларына игі әсер етері сөзсіз.

Көрме-байқаудың координаторы Алтыбаева Л.Н.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *