Закрыть

Закрыть

2018 жыл

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8 %d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d0%b6-%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%be-1 %d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%be%d1%82%d0%b8%d0%bf-%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d0%b0%d1%80%d1%82 %d0%bd%d1%83%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd
II Халықаралық «Жас-Art 2018»
колледж студенттері аралығындағы театр фестивалі

КазССР-дің Халық әртісі, КазССР-дің Мемлекеттік сыйлығының иегері Н.Жантуриннің туғанына 90 жыл толуына арналады

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжінде 2018 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жас-Art 2018» II Халықаралық колледж студенттерінің арасындағы  театр фестивалі өтеді.

Фестивальдың мақсаты – дарынды жасөспірімдерді анықтау және шығармашылық белсенділігін арттыруға ынталандырумен қатар жас буынға  адамгершілк –патриоттық тәрбие беру. Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін, отандық тарихқа, мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын нығайтуға, шетелден келген студенттерінің шығармашылық бірлестіктерінің тәжірибесімен алмасуға және қарым-қатынас орнатып, жағдай жасауға бағытталған.

Фестиваль барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессорлары мен оқытушылары, ҚР өнер шеберлері және шетел оқу орындары оқытушыларының қатысуымен өнер, мәдениет, білімге байланысты «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» тақырыбында конференция, дөңгелек үстел және мастер-класстар ұйымдастырылады.