Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінде 2020 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Н. Алтыбаева ашты. Іс-шараны модератор ретінде Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы – Қ.Н.Шота жүргізді. Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға «Ұлттық болмыстың үлгісі» бөлімі бойынша – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Р.Қ. Толукбаева, «Мемлекет ісінің мүдделесі» – «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы Б.А.Ағыман, «Жаңа қоғамның жанашыры» – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Р.А.Самбетжанова, «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Қ.Ж.Төремұратова, «Торқалы тойдың тағылымы» – «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы Г.Қ.Ибраева сынды оқытушылар өз ойларын ортаға салды, сонымен қатар кітапханада «Абай –175» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында колледждің 1 курс 6 топ студенттері Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділер оқып, әнмен қорытындылады. Қатысушы оқытушылар төмендегідей ұсыныс білдірді: 1. «Абай мұрасы және жастар» – декада өткізу; 2. «Абай оқулары», «Абай тану» атты шеберлік және факультативтік сабақ ұйымдастыру (колледж); 3. «Абай тағлымдары» тақырыбында ашық сабақтар өткізу (мектеп-интернат); 4. «Жас-ART 2020» халықаралық колледж студенттері аралығындағы театр фестивалін ұйымдастыру; 5. Әдеби-музыкалық кеш және көрме ұйымдастыру; 6. Алматы қаласындағы Абай ескерткіші жанында әдеби-музыкалық композиция өткізу.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінде 2020 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Н. Алтыбаева ашты. Іс-шараны модератор ретінде Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы – Қ.Н.Шота жүргізді. Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға «Ұлттық болмыстың үлгісі» бөлімі бойынша – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Р.Қ. Толукбаева, «Мемлекет ісінің мүдделесі» – «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы Б.А.Ағыман, «Жаңа қоғамның жанашыры» – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Р.А.Самбетжанова, «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» – «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Қ.Ж.Төремұратова, «Торқалы тойдың тағылымы» – «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы Г.Қ.Ибраева сынды оқытушылар өз ойларын ортаға салды, сонымен қатар кітапханада «Абай –175» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында колледждің 1 курс 6 топ студенттері Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділер оқып, әнмен қорытындылады. Қатысушы оқытушылар төмендегідей ұсыныс білдірді: 1. «Абай мұрасы және жастар» – декада өткізу; 2. «Абай оқулары», «Абай тану» атты шеберлік және факультативтік сабақ ұйымдастыру (колледж); 3. «Абай тағлымдары» тақырыбында ашық сабақтар өткізу (мектеп-интернат); 4. «Жас-ART 2020» халықаралық колледж студенттері аралығындағы театр фестивалін ұйымдастыру; 5. Әдеби-музыкалық кеш және көрме ұйымдастыру; 6. Алматы қаласындағы Абай ескерткіші жанында әдеби-музыкалық композиция өткізу.

17.01.2020