Закрыть

Закрыть

Конференциялар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

КОЛЛЕДЖ

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8 %d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d0%b6-%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%be-1 %d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%be%d1%82%d0%b8%d0%bf-%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d0%b0%d1%80%d1%82 %d0%bd%d1%83%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd
Құрметті әріптестер!

Сіздерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжінде «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» II Халықаралық ғылыми–практикалық конференциясы 2018 жылдың 24 сәуір күні ҚазССР Халық әртисі, Қаз ССР Мемелекеттік сыйлықтың иегері Нұрмұхан Жантөриннің 90-жылдық мерейтойына арналған конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша жұмыс істейді:

  • Театр өнері;
  • Музыка және хореография өнері;
  1. Кино және ТВ өнері;
  • Қолданбалы сәндік және бейнелеу өнері;
  1. Жалпы гуманитарлық пәндер;

Конференция  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференция материалдары ғылыми баяндамалар жинағы етіп басылып шығарылады.

Баяндама мәтіні түпнұсқа ретінде қабылданып, редакторлық жөндеуге түспейді. Белгіленген уақытынан кеш жіберілген, көрсетілген талаптарға сай келмейтін баяндамалар жарияланбайды және кері қайтарылмайды.

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Мақаланың көлемі 5-12 бетті құрауы тиіс;
  • Мақала атауын ортада (бас әріптермен, 14 кегльмен);
  • Бір жолдан кейін, ортасына автордың аты-жөні (кіші әріптермен,14 кегльмен);
  • Тегінің астына жақшаның ішіне: мекеме атауы, қала, ел (кіші әріптермен, 12 кегльмен);
  • Оның астына – e-mail (курсивпен, 12 кегльмен);
  • Оның астына қазақ және орыс тілдерінде мақала түйіні 40-50 сөзден тұрады (12 кегльмен);
  • Кілт сөздер қазақ және орыс тілдерінде беріледі (кіші әріптермен, 10 сөзден аспауы керек, 12 кегльмен);
  • Өлшемдер: үсті және асты, оң жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм;
  • Жоларалық интервал – 1.0;
  • Қолданылған әдебиет тізімі (12 кегльмен);
  • Әдебиет тізімі төмендегідей беріледі:
  1. Құндақбаев Б. М.Әуезов және театр. Алматы: Өнер,1981.– 320 б.
  2. Чехов А.П. Сочинения. Москва: Наука, 1977. – 733 стр.

Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1, 25], 1 – дерек көзі, 25 – беті; [1; 2; 3], бірнеше дерек көзін қолданған кезде көрсетіледі. Кестелер, суреттер мәтіннің ішінде орналасады.

Ұйымдастыру комитеті баяндамалар жинағын конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлауына байланысты конференцияға қатысу үшін өтінішті және баяндама мәтінін 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне

jasart2018@mail.ru  электронды поштасына жіберулеріңізді сұрайды. Файлдарды бірінші автордың аты-жөнімен және секция санымен атау керек, мысалы: «Ескендіров, 3 секция». Бір файлда тек бір мақала болуы шарт.

Бір мақаланың авторлар саны 3 адамнан аспауы керек.

Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады. Ғылыми жинақ жарнасы – 3500 теңге, жарна  2018 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияның өтетін орны:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,   Каблуков к-сі, 133.                              

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі                                                                                                            тел/факс: +7(727) 3951248                         эл.почта: jasart2018@mail.ru

Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 24 сәуірінде сағат 9.00-де, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің фойесінде өтеді.

 

Координаторлар:  

Жармышева Гүлнур Кабдолдановна 87017424867

Умурзакова Гүлмира Темирзаковна 87751633230

Сейтханова Ақжарқын Садырхановна 87083858915

мақала үлгісі

 

ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ

 ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ескендіров Н.Р.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Алматы қ., Қазақстан

naka-art@mail.ru

Түйін: Бұл мақалада автор қазақ театр өнеріндегі өзекті мәселелерді қарастырады….

Резюме:В этой статье автор рассматривает актуальные вопросы казахского театрального искусства …

Abstract: In this article the author examines the film and television of Kazakhstan and Hungary…

Кілт сөздер: театр өнері, Қазақстан, қазақ сахна өнері

Ключевые слова:театральное искусство, Казахстан, казахское сценическое искусство

Key words: film, television, Kazakhstan, Hungary

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін……..

Пайдаланған әдебиеттер