Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Алматы қаласында жас суретшілердің IV халықаралық «ART-Самғау — 2017 фестивалі басталды.

Алматы қаласында жас суретшілердің IV халықаралық «ART-Самғау — 2017 фестивалі басталды.

26.09.2017

111

ПРЕСС- РЕЛИЗ

            2017 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  қорының, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының қолдауымен жас суретшілердің ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017»  фестивалі  ұйымдастырылады. Шетел мемлекеттерінің өнер ордалары мен Қазақстанның көркемсурет  колледждерінің жас суретшілері  «Сәндік және қолданбалы  өнер», «Натюрморт», «Пейзаж» номинациясы бойынша бақ сынайды.

Фестивальдің мақсаты: ҚР Президентінің еліміздің Тәуелсіздігін нығайту мен оның өркендеуі, әлем мәдениетінің дамуына үлес қосу саясатын қолдау, отандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттай отырып, өнер арқылы халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастық байланысты нығайту, жас өрендердің өнеріне жол ашу,   ұлттық өнер мен құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, өнер мен мәдениет саласындағы жоғары деңгейлі орта білімді кәсіби мамандар тәрбиелеуге үлес қосу.

Фестиваль барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары, Қазақстан Республикасының бейнелеу өнер шеберлері және шет елден келген қатысушы–жетекші профессорлармен дөңгелек үстел, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессорлары, ҚР сурет өнері шеберлері және шетелдік оқу орындары делегат-профессорларының қатысуымен шеберлік сабақтар өткізеді. Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында мәдени орындар мен тарихи жерлерге, мұражайларға саяхат жасайды. Фестиваль қорытындысы бойынша жас дарындар жүлделі орындармен, арнайы дипломдармен марапатталады.

Фестивальге қатысушылар: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Болгария, Франция, Ресей, Египет Араб Республикасы.

 

ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалінің ашылу салтанаты  27.09.2017ж. сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының мәжіліс залында (мекен-жайы: М.Ганди көш., 10) өтеді.

 

ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017» фестивалінің жабылу  салтанаты  29.09.2017ж. сағ. 12.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының мәжіліс залында (мекен-жайы: М.Ганди көш., 10) өтеді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *