Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Алматыда Қазақстанның және де басқа елдердің колледждері өнер көрсеткен IV Халықаралық жас суретшілердің “ART-Самғау — 2017” өз жұмысын аяқтады.

Алматыда Қазақстанның және де басқа елдердің колледждері өнер көрсеткен IV Халықаралық жас суретшілердің “ART-Самғау — 2017” өз жұмысын аяқтады.

29.09.2017

111

   2017 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  қорының, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының қолдауымен жас суретшілердің ІV Халықаралық «АRТ – Самғау 2017»  фестивалі  ұйымдастырылған болатын.

   Шетел мемлекеттерінің өнер ордалары мен Қазақстанның көркемсурет  колледждерінің жас суретшілері  «Сәндік және қолданбалы  өнер», «Натюрморт», «Пейзаж» номинациясы бойынша бақ сынады.  Айтулы байқаудың ашылу салтанаты мен жабылу салтанаты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  қорының үлкен мәжіліс залында өтті.

   Фестивальге қатысушылар: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Болгария, Франция, Ресей, Египет Араб Республикасы. Фестивальға қатысқан қатысушалардың жалпы саны – 81, жетекшілері – 17.

    Фестивальдің мақсаты: ҚР Президентінің еліміздің Тәуелсіздігін нығайту мен оның өркендеуі, әлем мәдениетінің дамуына үлес қосу саясатын қолдау, отандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттай отырып, өнер арқылы халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастық байланысты нығайту, жас өрендердің өнеріне жол ашу,   ұлттық өнер мен құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, өнер мен мәдениет саласындағы жоғары деңгейлі орта білімді кәсіби мамандар тәрбиелеуге үлес қосу.

  Фестиваль аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары,  Қазақстан Республикасының бейнелеу өнер шеберлері және шет елден келген қатысушы–жетекші профессорлармен бейнелеу өнерінің өзекті мәселелері туралы дөңгелек үстел, шеберлік сабақтар өткізді.

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  қорының  грант иегері, өнер магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж.Тыныбекова мен ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Білім беру ісінің үздігі, оқытушы Г.Қастееваның  шеберлік сабағына қатысты.    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында өткен  пленэр  аясында  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.Байділда, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Дүйсенбаев, ҚР жас суретшілер одағының мүшесі А. Тұрғын, С.А. Чуйков ат. Қырғыз мемлекеттік көркемсурет училищесінің оқытушысы Н. Иннокентьева,  П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет  колледжінің оқытушысы Д.  Нуриддинов  шеберлік сабақтарын өткізді.

    Қатысушылар Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында мәдени орындар мен тарихи жерлерге, мұражайларға саяхат жасады. Фестиваль қорытындысы бойынша Болгария, Франция, Ресей, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Египет Араб Республикасынан қатысушылар мен  Қазақстанның көркемсурет  колледждерінің жас суретшілері төмендегі  номинациялар бойынша  жүлделі орындармен, арнайы дипломдармен марапатталды:

1.Натюрморт;

2.Пейзаж;

  1. Сәндік-қолданбалы өнер.

 Гран – При

  1. «Натюрморт» – Салимова Мафтуна – (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет колледжі, Өзбекстан)
  2. «Пейзаж» – Омарқұл Айкерім –  (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  3. «ДПИ» -Бармин Роман –(О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі, Қазақстан)

І орын  «Натюрморт»

  1. Сқақова Ақерке – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  2. Қазақбаева Камилла – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)

І орын  «Пейзаж»

  1. Анарбекова Назерке – (О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік қолданбалы     өнер колледжі, Қазақстан)
  2. Тошматова Нозима – (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет колледжі, Өзбекстан)

І орын «СҚӨ»

  1. Бақтыбекқызы Айжаннат – (С.А. Чуйков ат. Қырғыз мемлекеттік көркемсурет училище, Қырғызстан)
  2. Райханов Ерасыл – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)

ІІ орын  «Натюрморт»

1.Мырзабай Жандос – ( ОҚО, Ә.Қастеев ат өнер және дизайн колледжі,           Қазақстан)

  1. Биличенко Мариям– (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)

3.Мырзашина  Шынар  -(Маңғыстау өнер колледжі,  Қазақстан)

ІІ орын  «Пейзаж»

1.Мелдехан Саят – (ОҚО, Ә.Қастеев ат өнер және дизайн колледжі,Қазақстан)

  1. Көбегенова Лейла – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  2. Мерей Ране – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)

ІІ орын  «СҚӨ»

  1. 1. Смолякова Татьяна Ивановна – (Гжель Мемлекеттік университетінің колледжі, Ресей)
  2. Маратуулу Азиз – (С.А. Чуйков ат. Қырғыз мемлекеттік көркемсурет училище, Қырғызстан)
  3. Холмухамедова Шахризад – (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет  колледжі, Өзбекстан)

 ІІІ орын  «Натюрморт»

1.Таштемирова  Фарангиз – (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет  колледжі, Өзбекстан)

  1. Атанбаев Әлім – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  2. Замова Магдалена-  ( Узунов ат. дизайн және пластикалық өнер бойынша ұлттық мектебі,  Болгария )

 ІІІ  орын  «Пейзаж»

  1. Месропов Мартин – (Узунов ат. дизайн және пластикалық өнер бойынша ұлттық мектебі, Болгария )
  2. Аяпбергенов  Қоблан  – (Маңғыстау өнер колледжі, Ақтау, Қазақстан)
  3. Стеценко Карина – ( О.Таңсықбаев ат. Алматы Сәндік қолданбалы өнер колледжі, Қазақстан)

ІІІ орын  «СҚӨ»

  1. Құрмаш Сымбат – (БҚО, Орал технологиялық  «Сервис» колледжі )
  2. Мынбаева Аружан – ( О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі, Қазақстан)
  3. Леонтьев Максим Владимирович – (Гжель Мемлекеттік университетінің  колледжі,  Ресей)
  4. Ткаченко Жанна – (Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)

« Ең жас суретші » дипломымен  Жана Хемдан  Ибрагим  (Египет)  марапатталды.

«D.Malik art school»-дің   арнайы «Ерекше жұмысы үшін» жүлдесімен  марапатталды:

  1. Қазақбаева Камилла – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  2. Анарбекова Назерке – ( О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік қолданбалы     өнер колледжі, Қазақстан)

«Абылай» ат. бейнелеу курсының арнайы жүлдесімен  марапатталды:

  1. Фигурова Яна – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  2. Турганбаев Айдарбек – (БҚО, Орал  технологиялық  «Сервис» колледжі )

 «Пленэр»  номинациясы бойынша  «БЕНТ» фирмасының арнайы жүлдесімен  марапатталды:

  1. Салимова Мафтуна – (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет  колледжі, Өзбекстан)
  2. Аяпбергенов Қоблан – (Маңғыстау өнер колледжі, Ақтау, Қазақстан)
  3. Орынбасаров Адилбек – (Маңғыстау өнер колледжі, Ақтау, Қазақстан)
  4. Атанбаев Әлім – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  5. Өркен Аят – ( О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі, Қазақстан)
  6. Байтұрған Марғұлан – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  7. Мектепбаева Асель – ( Астана қ. ҚҰӨУ)
  8. Сқақова Ақерке – (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  9. Тошматова Нозима –  (П.П. Беньков ат. Республикалық көркемсурет  колледжі, Өзбекстан)
  10. Қаныбек  Ақжарқын – (Шымкент қаласы,Ә.Қастеев атындағы  өнер және дизайн колледжі,Қазақстан)
  11. Мырзабай Жандос – (Шымкент қаласы,Ә.Қастеев атындағы  өнер және дизайн колледжі,Қазақстан)
  12. Мерей  Ране –  (Т.Жүргенов ат ҚҰӨА колледжі, Қазақстан)
  13. Муракова Камила – (С.А. Чуйков ат. Қырғыз мемлекеттік көркемсурет училище, Қырғызстан).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *