Закрыть

Закрыть

БИБЛИОТЕКА

«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі кітапханашылары «Қош келдің, Әз Наурыз» атты тақырыпты кітап көрмесін жасады.

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.

Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Көрмеге қойылған материалдар:

  1. Х. Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері.
  2. Қош келдің Наурыз. Жинақ.
  3. Б. Хабдина.Той әндері.
  4. Наурыз. Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері. Жинақ.
  5. Мәдениет журналы.
  6. Дәстүр журналы.
  7. Мерзімді басылымдар, наурыз туралы мақалалар.

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектепинтернат, колледжінің кітапханасында Кемел Токаевтың – 100 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. «Лениншіл жас, «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.

Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгер.

Көрмеге қаламгердің шығармалары және газет-журнал бетіндегі мақалалар қойылды

Әсет Көпбайұлы Бейсеуов.

Қазақстанның халық әртісі, композитор, Қазақстанның халық композиторы Әсет Көпбайұлы Бейсеуовке – 85 жыл. Ол 1960 жылы Қазақ ұлттық консерваторияны (бұрынғы Алматы консерваториясын) В.В.Великановтың класы бойынша бітірген.

Әсет Бейсеуов қазақ эстрадасында музыканың дамуына үлкен үлес қосты. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы мектепинтернат колледжінде Қазақстанның халық композиторы Әсет Көпбайұлы Бейсеуов туғанына 85 жыл толуына орай тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Әсет Бейсеуовтың кітаптары және оның әндері енген басқа жинақтар қойылды: 1. Әсет Бейсеуов. Армандастар. 2. Шөмішбай Сариев. Айналдым сенен, атамекен-ай. 3. Қалықта қаһарман ән. Лейся песня победы. 4. Алматым жүрегімде. 5. Қазақтың ата заңдары. 6. Қазақ энциклопедиясы

Актер, режиссер, театр педагогы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов мерейлі 75 жасқа толып отыр.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының сахнасында: Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында”), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтың “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), т.б. көптеген рольдерді сомдап, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосып келеді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы мектеп-интернат колледжінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған кітаптар: 1. Тұңғышбай Әл-Тарази. Наз. 2. Тұңғышбай Әл-Тарази. Сөз. 1 том. 3. Тұңғышбай Әл-Тарази. Сөз. 2 том. 4. Анар Еркебай. Бүгінгі қазақ театры: Тарихи спектакльдер. 5. Бағыбек Құндақбайұлы. Театр туралы толғаныстар. 6. Тұңғышбай Әл-Тарази. Шер

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектепинтернат, колледжінің кітапханасында Тахауи Ахтановтың – 100 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Тахауи Ахтанов алғашқы шығармашылық ізденісін өлеңнен бастаған. Қаһарлы соғыс жылдарында да, одан кейін де поэзияда бағын біраз сынады. Естеліктерінің бірінде бесінші класс оқып жүргенде алғаш өлең жазғанын айтады.

Соғыстан кейінгі жылдары әдебиетке келген ол үстінен сұр шинелі түспеген өзге әріптестері секілді аға буын қаламгерлердің шынайы қолдауына ие болды. Құлашын кең жайып, шығармашылыққа ден қойды. Соның нәтижесінде “Қаһарлы күндер”, “Боран”, “Шырағың сөнбесін” романдары ұлттық әдебиетімізге қосылды. Драматургия саласында қалам сермеді, әңгіме, хикаяттар жазды. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтқанда: “…соғыстан бергі қазақ әдебиетін талантты сыншы, талантты аудармашы, талантты драматург, талантты прозашы Тахауи Ахтановсыз көзге елестету мүмкін емес”.

Көрмеге қаламгердің шығармалары және газет-журнал бетіндегі мақалалар қойылды.
1. Тахауи Ахтанов. Шырағың сөнбесін. 2. Тахауи Ахтанов. Ана дауысы. 3. Тахауи Ахтанов. Көк құтан. 4. Тахави Ахтанов. Свет очага. 5. Тахауи Ахтанов. Шығармалар жинағы

Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқығаннан кейін, өкпе ауруының зардабынан ол оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы мектепинтернат колледжінде – Қазақтың ақыны, ағартушыдемократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өз шығармалары мен қатар газет-журнал беттеріне шыққан ақын туралы мақалалар қойылды: 1. Сұлтанмахмут Торайғыров. Қамар сұлу. 2. Сұлтанмахмут Торайғыров. Таңдамалы шығармалары. 3. Султанмахмут Торайгыров. Избранное. 4. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі томдық шығармалар жинағы

12 декабря 2022г. В библиотеке школы-интерната и колледжа была организована художественная выставка, посвященная 105-летию Айши Галымбаевой, казахстанской художницы, Члена Союза художников СССР, Народного художника Казахской ССР, лауреата Государственной премии Казахской ССР.

     23 сентября 2022 года в библиотеке школы-интерната и колледже Казахской национальной академии искусств имени Т.Жургенова состоялся вечер встречи «Родной язык – душа нации» с поэтом, писателем Мухтаром Шахановым. Вечер начался со спектакля по поэме Мухтара Шаханова «Махамбет», с участием студентов 3 курса  колледжа, специальности «Актерское искусство». Мухтар Шаханов выступил с речью, и поэт призвал молодежь быть честными. Он прочитал отрывок из своего стихотворения об истине.

               Заместитель руководителя школы-интерната, колледжа Сайлыбаев Багашар Адилбайулы поздравил поэта с 80-летием, приуроченным к этому вечеру.

Сотрудники библиотеки колледжа организовали книжную выставку, посвященную творчеству поэта, под названием «Мухтару Шаханову 80 лет». Вечер был полон патриотических чувств.

ЧТОБЫ ПЕРЕЙТИ В БИБЛИОТЕКУ ПЕРЕЙДИТЕ ПО ССЫЛКЕ