Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

20.05.2022

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА (көркемсурет бағыты бойынша)

2022-2023 оқу жылына 7 сыныпқа оқушыларды қабылдау:

І тур – Іріктеу туры:

– іріктеу туры онлайн 1 маусым – 13 маусым

Талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын дайындап, барлығы 10-12 жұмыс (сурет 4, кескіндеме 4, үйлестіру 4 жұмыс) көрсетеді;

– консультация кесте бойынша (сурет,кескіндеме, үйлестіру) 1 маусым – 13 маусым – сайтта бейнеконсультациялар (бейнесабақтар);

ІІ тур – ҚАЛЫПТЫ режимде:

– І турдан өткендер құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырады, құжаттарды қабылдау қалыпты режимде 1 маусым–15 маусым аралығында;

– қабылдау емтихандары (сурет,кескіндеме,үйлестіру) 16 маусым – 20 маусым

Қабылдау емтихандарына талапкерлер топ бойынша (топ тізімі сайтта болады) 16-20 маусым аралығында сағат 08:30 бастап Ә.Кекілбайұлы көшесі, 133 адресіндегі мектеп-интернатқа ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА кіргізіледі.

конкурс 22 маусым 2022 ж.

– қабылдау (түскендер тізімі) 25 маусым сайтқа шығады

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:

(іріктеу турынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

  1. Ата–ананың өтініші;
  2. 1-6 сыныптағы оқу үлгерімі жөніндегі табельдері (көшірмесі, мектеп   директоры  мөрімен  бекітілген);
  1. Баланың туу туралы куәлігі,ЖСН (көшірмесі 2 дана);
  2. Медициналық анықтама № 063/у, 026/у, 075/у үлгісіндегі (ФГ қажет емес)
  3. 3х4 көлеміндегі фото – 6 дана ;
  4. қабылдау емтиханына рұқсат қағазы.

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-49, 8/727/395-12-48

Барлық ақпарат college.кaznai.kz сайтында (мектеп-интернат талапкері бөлімінде)

Instagram: кaznai.college.kz

 Қабылдау комиссиясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *