Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > Арт-Самғау 2021 ж.

Арт-Самғау 2021 ж.

24.04.2021

АҚПАРАТ

2021жылдың 27-29 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ҚазССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушысы Әбілхан Қастеевке арналған V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің  «ART – Самғау – 2021» қашықтық фестиваль-байқауы өтеді.

Ұйымдастырушы:  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі

ZOOM платформасы: Идентификатор 8138850200
Код 0969


1. V Халықаралық өнер колледждері аралығындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2021»  қашықтық фестиваль-байқауының онлайн салтанатты ашылу рәсімі.

Өткізілетін уақыты:  27 сәуір 2021 жыл, сағат: 14.00. (Нұр-Сұлтан  қ.уақытымен, Қазақстан Республикасы)

Модератор: Гүлмира Өмірзақова – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж оқытушысы, педагогика және психология ғылымдары магистрі.

2. Қашықтық фестиваль-байқау аясында «Шығармашылықтың алтын бесігі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел және «Пейзаж» (пленэр) тақырыбында онлайн мастер-класс;

Өткізілетін уақыты:  28 сәуір 2021 жыл, сағат: 14.00. (Нұр-Сұлтан қ-сы. уақытымен, Қазақстан Республикасы)

   Модератор: Магавина Карлығаш Әмірқызы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің жоғары санатты педагогы, ҚР Білім беру ісінің үздігі.

3. V Халықаралық өнер колледждері аралығындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2021»  қашықтық фестиваль-байқауының онлайн салтанатты жабылу рәсімі.

Өткізілетін уақыты:  29 сәуір 2021 жыл, сағат: 14.00. (Нұр-Сұлтан  қ-сы. уақытымен, Қазақстан Республикасы)

Модератор: Гүлмира Өмірзақова – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің оқытушысы, педагогика және психология ғылымдары магистрі.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *