Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > «Кітап – рухани қазына»

«Кітап – рухани қазына»

14.04.2021

13 сәуір күні Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледж «Жалпы білім беру пәндер циклі» және Кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап – рухани қазына» тақырыбында Zoom платфомасыда дөңгелек үстел өтті.

«Жалпы білім беру пәндер» циклі тарих пәнінің оқытушысы, магистр Мұсабекова Құндызай Әбиболлақызы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж Кітапханашылар Алимпеисова Жанар Мырзагалиевна және Джанабаева Орынгуль Нурасыловнамен  бірігіп ұйымдастырды. «Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі» атты booktrailer көрсетілді.

Аталған шараға: мектеп-интернат,колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джумадилова А.А., «Жалпы білім беру» пәндік-цикл комиссия төрайымы Кистаубаева Л.К., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия Колледж кітапхана қызметкерлері және «Актер өнері» мамандығының студенттері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *