Закрыть

Закрыть

Жетістіктер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ, КОЛЛЕДЖ

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 0305 желтоқсан аралығында ZOOM платформасында ҚазССР Халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбілхан Қастеевтің шығармашылығына арналған көптеген іс-шаралар өткізілді:

  • 12.2020ж. «Ә.Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі мұрасы» атты Халықаралық ғылыми–практикалық онлайн конференциясы;
  • 12.2020ж. «Қазақстанның Халық суретшісі Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы суретшісінің мұрасын сақтау» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел;
  • 12.2020ж. Белгілі суретшінің немерелері Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген Халықаралық және Қазақстандық көрмелер мен конкурстарының қатысушысы және жеңімпазы Қастеев Даурен Нурхатұлы мен Халықаралық «The Spirit Of Tengri» этнофестивалінің продюсері Қастеев Жонгар Ерғазыұлының қатысуымен «Шығармашылық бұлағы» атты шеберлік сыныптары.

   Аталмыш шаралардың негізгі мақсаты, Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақстанның мақтанышы Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Кейінгі ұрпақ үшін оның шығармашылығын сақтау.

   Іс-шараларға колледж студенттері мен оқытушылары, Ә.Кастеев династиясының өкілдері, өнертанушылар, Қазақстан бейнелеу өнері саласынан шақырылған құрметті қонақтар, Болгария Респубикасы (Әулие Климента Охридский атындағы София университеті), Өзбекстан Республикасы (Низами ат.Ташкент Мемлекеттік Педагогикалық университеті), Ресей Федерациясы (Омск Мемлекеттік Педагогикалық Университеті) және Қырғыз Республикасынан (Қырғыз Республикасы көркемсурет академиясы) шетелдік қонақтар қатысты.

   Конференцияны Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдары докторы, профессор Халыков Қабыл Заманбекұлы ашты.

   Пленарлық отырыста баяндамашылар Ә.Қастеевтің шығармашылығын кеңінен дәріптеді:

  • Байділда Бауыржан Нұрбекұлы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме және Мүсін» факультеті деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор – «Дара тұлға» ;
  • Екатерина Резникова – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы, PhD докторы; – «Роль А.Кастеева в становлении профессионального искусства в Казахстане» ;
  • Еспенова Айгерім Тұрсынқызы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы; – «Әбілхан Қастеев шығармашылығындағы Ұлы тұлғалар портреті»;
  • Карғабекова Раушан Исмаилқызы –Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Өнертану» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі, Нұр-Сұлтан қ-сы – «Юрта и предметы быта в живописи А.Кастеева».

   Шетелдік қонақтар конференцияға белсене қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.

   Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы туралы баяндамалар жасалды.

 – «Ә. Қастеевтің шығармашылығы және қазіргі заман» –  Джадайбаев Амир Жалынұлы, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ жетекші ғылыми қызметкері, өнертану кандидаты.

 – «Ә. Қастеевтің стильдік мәнерінің ерекшеліктері» – Ли Камилла Витальевна – ҚР СО мүшесі, ЮНЕСКО көркемсурет сыншылар ассоциациясыны мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» медалі иегері;     

 – Суретші Ә.Қастеевтің музей-үйі туралы таныстыру. Баяндамашы атақты суретшінің үлкен қызы – Қастеева Гүлдария  Әбілханқызы.

 “Шығармашылық бұлағы”  тақырыбындағы  шеберлік-сыныптар  барлық қатысушыларды Қазақстанның өнері мен мәдениетіне баға жетпес үлес қосқан атақты суретшінің шығармашылық мұрасын жалғастырушылармен онлайн таныстыру мақсатында өткізілді.

   1.Қастеев Жоңғар Ерғазыұлы көпшілікке Жан Қастеев деген атпен танымал. Жан бір кездері әйгілі және танымал “Үркер” тобының продюсері, продюсер-промоутер, Жұлдыз және Тенгри радиостанцияларының бас продюсері. Қазіргі уақытта жаңа және өте креативті жобалар -“The Spirit of Tengri” және “Turk Sib music” продюсері .

Жан өзінің шығармашылығы мен жаңа жобалары туралы әңгімеледі. Мәдениет пен музыка саласында жұмыс істей отырып, ұлы атасының ісімен айналысуды жалғастыруда, мәдениет пен өнердің нұрын көпшілікке жеткізуде, демек, ағартушылық жұмыстармен айналысуда.

  2.Дәурен Қастеев – жас та болса атақты суретші, график. Дәурен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін өте жақсы бітіріп, Қастеев әулетінің және біздің оқу орнымыздың туын абыроймен көтеріп жүр.

   Кездесу барысында Дәурен өз шығармашылығы (презентация түрінде) мен жоспарлары туралы әңгімеледі.

   Өткізілген бұндай іс-шаралар қатысушылар мен студенттерге үлкен әсер беріп, шығармашылық кәсібінде ізденуге зор ықпал ететініне сенімдіміз!