2019 жылдың 25 сәуірі күні «Достық» үйінде 1 мамыр — Қазақстан бірлігі күніне арналған «Алтын бесік» атты фестиваль өтті. Фестивальда елімізде тұрып жатқан әр этностың бесік жыры шырқалып, салт-дәстүр ерекше дәріптелді. Атаулы фестивальға Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледждің 1 курс 4 топ студенттері мен жетекші Байсултанова Г.О. қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Фестивальдің мақсаты: ҚР халықтары арасындағы достықты нығайту, достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне ынтымақтастық арқылы қол жеткізу.