Закрыть

Закрыть
Новости > 2020-2021 оқу жылына мектеп-интернатқа онлайн қабылдау емтихандарын өткізу АЛГОРИТМІ (8 ваканттық орын)

2020-2021 оқу жылына мектеп-интернатқа онлайн қабылдау емтихандарын өткізу АЛГОРИТМІ (8 ваканттық орын)

07.08.2020

Емтихандар: сурет, кескіндеме, үйлестіру (композиция) (А3 форматтағы қағаз) ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізіледі (талапкер өзінің аты-жөнімен кіреді).
Емтихан күні WhatsApp чатта талапкер ZOOM конференциясының идентификатор мен паролін және тапсырма алады (сурет – натюрморт, кескіндеме — натюрморт, үйлестіру – 3 тақырыптан біреуі таңдалынады).
Талапкерлер емтихан уақытына дайындайды:

  • интернетке қосылу, ZOOM қосымшасын құрылғыға жүктеу;
  • веб-камера (кез-келген гаджетті қолдануға болады: ноутбук, планшет, веб-камерасы
    және колонкасы бар компьютер),
  • сурет салғанға жағдай (адамдарсыз бөлме)
  • кеңсе заттары болуы шарт (әр емтиханға қажет кеңсе заттары — сайтта)
    Емтихан уақыты ұзақтылығы 4 сағат (10:00 – 14:00). Таңертеңгі сағат 9: 45-те 15 минуттық дайындық басталады — конференцияға қосылу, камера орнату, тапсырма алу.
    Емтихан жұмысының бүкіл процесі емтихан алушыға көрінуі қажет. Егер шығу қажет болса (су ішу, дәретханаға бару және т.б.), талапкер жұмысты веб-камера арқылы емтихан қабылдаушыға көрінетіндей етіп қалдыру керек.
    Емтихан біткен соң талапкер жұмысына аты-жөнін жазып, суретке түсіріп, Priem_shkola@mail.ru бойынша көрсетілген поштаға жібереді (жіберу үшін 15-20 минут беріледі).

*** Ескерту:

  • жалған (бөтен) жұмыстар анықталған жағдайда, емтихандардың талаптары орындалмаған немесе бұзылған жағдайда, комиссия талапкердің емтиханға жіберілуіне немесе емтихан нәтижелерін жоюға құқылы.

Онлайн емтихан кестесі:
12.08.2020 ж. – «Сурет»
14.08.2020 ж. – «Кескіндеу»
16.08.2020 ж. – «Үйлестіру»
17.08.2020 ж. «Қазақ тілі» емтихан болмайды, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернатына қабылдау конкурсында (қазақ тілінде оқығандар үшін) «Қазақ тілі» пәнінің табельдегі бағалары есептеледі.
Апелляциялық комиссияға өтінішті шығармашылық емтихан тапсырған талапкер апелляциялық комиссия төрағасына келесі күні сағат 09:00 -13:00 дейін береді, өтініш сол күні ата-анасымен бірге қарастырылады ZOOM арқылы.

30.07.2020 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *