Новости > Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, колледжінде 02.11.21ж. күні І курс ІІ топ студенттері және қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Г. О. Байсултанованың ұйымдастыруымен Алғашқы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаз, қазақ әдебиетінің атасы, Ұлы ағартушы, халық мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Үміт еткен көзімнің нұры, балам…» атты поэзиялық онлайн-кеш болып өтті.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, колледжінде 02.11.21ж. күні І курс ІІ топ студенттері және қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Г. О. Байсултанованың ұйымдастыруымен Алғашқы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаз, қазақ әдебиетінің атасы, Ұлы ағартушы, халық мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Үміт еткен көзімнің нұры, балам…» атты поэзиялық онлайн-кеш болып өтті.
04.11.2021
Атаулы мерекелік шараның мақсаты — алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен жастарды таныстыру, әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға ұмтылдыру. Қазақ халқының өткенін танымай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес екендігін, Ы.Алтынсариннің өмірімен, қызметімен танысу арқылы, оның ұлтын, елінің тарихын, салт — санасын сүйген азамат екендігін танып білуге үйрету.
Біз бүгін Ұлы ағартушының 180 жылдық мерейтойын дүбірлі той етіп өткізбесек те, қолымыздан келгенше туған күнін атап өтуді жөн санадық.
Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік!