Закрыть

Закрыть
Новости > Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау

11.06.2025

2025 жылғы 24 мамыр күні
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінде
“Соңғы қоңырау” мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Бұл ерекше сәтке академия ректоры,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев арнайы қатысып,
түлектерге жүрекжарды тілегін арнады.
Ол үлкен өмірге қадам басқан жас өнерпаздарға сәттілік тілеп,
оларға сенім мен шабыт сыйлады.

Біз де өз тарапымыздан аяулы түлектерімізге ақ жол тілейміз!
Олардың әрбір жетістігі — біз үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш!

Сондай-ақ, осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан
колледжіміздің ұстаздары мен қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!
Сіздер әр студент пен оқушыға өз балаларыңыздай қамқорлық танытып,
үлкен жүрекпен бағыт-бағдар беріп келесіздер.

Еңбектеріңіз жана берсін, құрметті ұстаздар!
Қашан да шәкірттеріңіздің биіктен көрінуі — сіздердің парасат пен төзімге толы еңбектеріңіздің жемісі! @oner.college.kz @arman_zhudebayev @bakytbokebaev

https://www.youtube.com/shorts/CrSRDTv2sm0

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *