Закрыть

Закрыть
Новости > «Мектебіммен бірге өстім!», «Қош бол, алтын ұям, колледжім!»

«Мектебіммен бірге өстім!», «Қош бол, алтын ұям, колледжім!»

26.05.2020

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ, КОЛЛЕДЖ

Соңғы zoom-қоңырау!

                                                                        Последний zoom-звонок!

25  мамыр күні  сағат сағат 11:00-де  мектеп оқушыларының «Мектебіммен бірге өстім!», 12:00-де  колледж студенттерінің 

«Қош бол, алтын ұям, колледжім!» тақырыбымен мерекелік салтанатты zoom — жиыны өтті.

Салтанатты жиынды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ.З.Халыков және мектеп-интернат, колледж басшысы З.Ж.Жумахметовақұттықтау сөздермен ашты.

7,9 сынып оқушылары, 1,3 курс студенттері жүректен шыққан ұстаздарға деген алғыс, тілектерін айтты. 9 сынып оқушысы Үйсіпқазы Таңдана және 1 курс студенті Абдукаликова Зейникамал соңғы қоңырауға арналған өз шығармаларын оқыды.

Сонымен қатар ата-аналар Жанар Маукасымқызы. Сағулова Айгуль. Ангелина Владимировна, Нұржан Шынар , Тәжібай Бақытгуль, Ольга Вячеславна, Жанна Жуматаевна, Жантілеуова Раис, Джамиля Жалоловна және Муратбек Рахманкулович мектеп-интернат, колледж ұжымына зор алғыстарын айтып, еліміздің болашағын тәрбиелеуде зор жетістіктерге жетіп, ерен еңбектерінің жемісті болуын тіледі.

Колледждің 2000 оқу жылғы түлегі — Байзаков Сабыр (Түркия елінен), 2005 оқу жылғы түлегі – Баязитов Ғалымжан (Нұр-Сұлтан қаласы)  және 2010  оқу жылғы түлегі – Төлепов Артур (Алматы қаласы) видеоқұттықтау жолдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *