Закрыть

Закрыть

ӨТІНІШ

ЕРЕЖЕ

V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің 

 «ART – Самғау – 2021»  қашықтық фестиваль-байқауы ҚазССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушысы Абылхан Кастеевке арналған

27– 29 сәуір 2021 жыл

V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің  «ART – Самғау – 2021» қашықтық фестиваль-байқауы Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасы негізінде ҚазССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушысы Абылхан Кастеевке арналып, қашықтықтан ұйымдастыру түрінде өтеді.

V Халықаралық «ART – Самғау – 2021»  өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің қашықтық фестиваль- байқауы әр елдің өнер сүйер жастардың түсіністігін жетілдіру, қолдау, студенттердің халықаралық деңгейде достасуына ықпал етеді. Сондай-ақ фестиваль жаңа дарындарды ашуға, кескіндеме өнерін сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, отандық және әлемдік тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Қашықтықтан ұйымдастырылған Фестиваль-байқауға өнер колледжінің студенттері шақырылады.

Қашықтық Фестиваль-байқауын ұйымдастырушылар: Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы, ҚР Суретшілер Одағының қолдауымен ұйымдастырылады. Салтанатты онлайн түрде V Халықаралық «АRТ – Самғау-2021» жас суретшілердің қашықтық фестиваль-байқауының ашылу және жабылу шаралары өтеді және жеңімпаздар жұмыстарының көрмесінің видеоролигі көрсетіледі.

  V Халықаралық «АRТ – Самғау-2021» қашықтық фестиваль-байқауының барысында мәдениет және өнер саласындағы білім берудегі өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел,Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары, ҚР сурет өнері шеберлері және шетелдік оқу орындары педагог, профессорларының қатысуымен онлайн шеберлік-кластар ұйымдастырылады.

  

Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты:

  • Әр елдің пейзаждық мектептер дәстүрлерімен таныстыру;
  • Әр елдің жас суретшілерімен достық, мәдени және шығармашылық байланыс нығайту және дамыту;
  • Ынтымақтастық арқылы мәдени және шығармашылық алмасу, халықаралық байланыс құру және нығайту;
  • Дарынды жас суретшілерді айқындау және қолдау көрсету;
  • Шығармашылық қарым-қатынас жасауға жағдай жасау.

Міндеті:

     –    Жас суретшілердің шығармашылық потенциалын айқындау;

  • Мәдениет, білім қайраткерлері мен шығармашыл педагогтардың бірлігін нығайту;
  • Ұлттық мәдениет пен дәстүрді қолдау, рухани-моральдық талапқа сай, ұлтаралық келісім және толеранттыққа тәрбиелеу;
  • Әр елдің мәдениетімен таныстыру.

 

  1. Фестиваль- байқау номинациялары

 

  • Пейзаж «Туған өлке» – 1 жұмыс;
  • Калалық сәулеттік пейзаж–1 жұмыс.

Орындау техникасы: Майлы бояу, акрил, гуашь, акварель (таңдау бойынша).

3.Қазылар алқасы

Қашықтық фестиваль-байқау бағдарламасын бағалауға еңбегі сіңген өнер қайраткерлері,  атақты суретшілер, кәсіби педагогтар шақырылады.

Қазылар алқасы шешімімен жүлделі орындар белгіленеді және қазылар алқасы барлық орындарға жүлде тағайындамауға құқылы.

Қазылар алқасының шешімін өзгертуге болмайды.

4.Бағалау критерийлері

  • Түпкі ойының ерекшелігі;
  • Авторлардың көркемдік шеберлігінің деңгейі;
  • Шығармашылық тапсырманың ерекше орындалуы және композицияның аяқталуы ескеріледі;
  • Плагиат және басқа адамдардың шығармасының көшірмесі құпталмайды.

5.Марапаттаулар мен жүлделер

V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау-2021»  қашықтық фестиваль-байқауына қатысушылары фестиваль қорытындысы бойынша:

– «Гран – При» Бас жүлдесі Дипломымен әр номинация бойынша  марапатталады;

  • I, II, III дәрежелі Лауреаттық Дипломдарымен әр номинация бойынша марапатталады;
  • Қатысушы Дипломымен барлық қатысушылар марапатталады;
  • Фестиваль-байқауға қатысқан оқу орындарының басшылары алғыс хаттарымен, жетекшілер сертификаттармен марапатталады.
  • Дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар қатысушы өтінішінде көрсетілген оқу орнының электронды почталарға жіберіледі;

 

6.Ұйымдастыру – техникалық талаптары

  • Қашықтық фестиваль-байқауға қатысушы 2021 жылдың 10 наурызына дейін мәлімдеме-сауалнамасын (№1 Қосымша), жеке эл.фотосын (3,5 х 4,5) art-samgau@mail.ru; e_ liza@list.ru электрондық почтасына жіберуі керек.
  • Қашықтық фестиваль-байқауға қатысушы 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін art-samgau@mail.ru; e_liza@list.ru электрондық поштасына өзі қалаған номинацияция бойынша 1 жұмыстан (фотосурет, PDF форматында) жіберуі керек.
  • Жоғары сапалы фотосуреттерді ұсынғаныңызға көз жеткізіңіз, жақсы жарық, мүмкін болса, ақ фонда түсіруге тырысыңыз.
  • Әр жұмысқа автордың аты-жөні, жасы, жұмыстың атауы, мөлшері, техникасы, орындалған жылы, орындалған орны (қаласы) көрсетілген ақпарат қоса берілуі керек.
  1. Қатысу шарттары

– Қашықтық фестиваль-байқауға номинация (пункт 2) бойынша дайындаған жұмыстарының электронды фотосуреттері негізінде өткізіледі;

– Қашықтық фестиваль-байқауға өнер колледждері студенттері қатыса алады;

– Әр оқу орнынан 10 қатысушыға дейін қатыса алады;

– Қашықтық фестиваль-байқау барысында шеберлік-класс өткізетін ұстаздар 2021 жылдың 10 наурызына дейін шеберлік – класс сабақтарының тақырыптарын, видеоматериалдарын art-samgau@mail.ru; e_liza@list.ru эл.почталарына жіберуі керек.

  1. Өткізілетін орны мен уақыты

V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2021»  қашықтық фестиваль-байқауы 27-29.04.2021 ж.  аралығында қашықтықтағы түрде Алматы қаласында өтеді. (ZOOM платформасы)

Ұйымдастырушы: Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы

Қашықтықтан ұйымдастырылған Фестиваль-байқау туралы ақпарат сайтта болады. https://college.kaznai.kz/.

Жумахметова Зура Жумахметовна – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж басшысы

Координатор: Лиза Алтыбаева моб.т.+7 705 335 77 33 /whatsapp/, e_liza@list.ru

 

ҚАШЫҚТЫҚ  ФЕСТИВАЛІНІҢ

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

 

V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің  

«АRT – Самғау -2021»

қашықтық фестиваль-байқауынақатысуға арналған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *