Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > ІІ тур 8 ваканттық орынға

ІІ тур 8 ваканттық орынға

07.08.2020

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА (көркемсурет бағыты бойынша)
2020-2021 оқу жылына 7 сыныпқа оқушыларды қабылдау:

Іріктеу комиссиясы және құжаттар қабылдау онлайн:

  • іріктеу комиссиясы онлайн 1 тамыз – 10 тамыз
    Талапкер шығармашылық жұмыстарынан портфолио дайындап А3 форматында барлығы 10-12 жұмыс (сурет, кескіндеме, үйлестіру жұмыстары) сканерлеп немесе суретке түсіріп) жіберу керек Priem_shkola@mail.ru электрондық поштасына;
  • іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге өтініш формасы жіберіледі;
  • құжаттарды қабылдау онлайн түрінде 1 тамыз – 10 тамыз Priem_shkola@mail.ru электронды пошта арқылы;
  • консультациялар сурет, кескіндеме, үйлестіру бойынша сайтта (видеосабақтар);

Қабылдау емтихандары ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ өтеді (сурет, кескіндеме, үйлестіру) 12 тамыз – 16 тамыз 2020 жыл.

Қабылдау емтихандары АЛГОРИТМІ сайтта көрсетілген.

Қабылдау (түскендер тізімі) 18 тамыз 2020 жыл

Барлық ақпарат college.кaznai.kz сайтында

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:
(іріктеу комиссиясынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

Ата–ананың өтініші;
1-6 сыныптағы оқу үлгерімі жөніндегі табельдері (мектеп директоры мөрімен бекітілген табельдерді суретке түсіру);
Баланың туу туралы куәлігі, ЖСН (көшірмесі);
№ 086у үлгісіндегі медициналық анықтама (ФГ қажет емес)
3х4 көлеміндегі фото – 1 дана ;
Ата-ананың жеке куәлік көшірмелері;
10-12 шығармашылық жұмыстары болуы шарт (формат А3).

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-48,
8 702 358 58 68, 8 778 162 8592

Қабылдау комиссиясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *