Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > Құрметті Абитуриенттер! Ата-аналар!

Құрметті Абитуриенттер! Ата-аналар!

25.06.2020

Елдегі жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстарда, COVID-19 індеті өршіп, ауру жұқтыру өсімі байқалуды. Барлық облыстар мен қалаларда шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Осы орайда, басқа да мемлекеттік органдардың нұсқауы бойынша, академиялық Кеңес шығармашылық емтихандарды онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдады. Бізге бірінші кезекте талапкерлер мен олардың ата-ана, туған-туыстарының денсаулығы маңызды. Сол себепті осындай шаралар қабылдауға тура келді. Шалғай қала, облыстардан келетіндер үшін қиындықтар туындауы мүмкін. Шығармашылық емтихан барлық үміткерлерге бірдей болу шарт.

        Емтихан тапсыруға байланысты толық ақпарат алдағы күндері колледждің college.kaznai.kz сайтында, @kaznai.college.kz инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланады.

        Тиісті сұрақтар бойынша әр мамандықтың арнайы call-орталықтарының телефондары арқылы біле аласыздар.

        Академия өз тарапынан талапкерлерге табыс тілейді және әрқашан кез келген мәселелер бойынша барлық қажетті ақпараттар мен кеңестер беруге дайын.

        Абитуриент-2020, сәттілік!

25 маусым 2020 ж.



Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *