Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау онлайн:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау онлайн:

26.06.2020

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау онлайн:

«АКТЕРЛІК ӨНЕР» мамандығы (Музыка театрының әртісі):

         Іріктеу комиссиясы онлайн – талапкер талапқа сай өз видеопортфолиосын жібереді

Видеопортфолио құрамы:

1. Вокал – талапкердің орындауында қазақ халық әні және қазақ композиторларының әні акапелла, немесе өз сүйемелдеуімен ән салуы керек;

-әннің мазмұнын толық ашып, темпін, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауы тиіс. Дауысы жақсы, тембрі әдемі,  диапазоны кең, интонациясы таза, ритмі жақсы, есту қабілеті бар болуы қажет.

     Ескерту: плюсовканы қолдануға болмайды, тек тірі дауыспен айту керек.

2. Актер шеберлігі

– Этюд – талапкер ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд (жануарлар әлемі) құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Аяқ астынан ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі.

– Би – талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді сезінуі, қимыл-қозғалыс жасауы, биге бейімділігі тексеріледі. Талапкердің қимыл координациясы, зейін мен зердесі тексеріледі. Талапкердің орындауында:                                                                                                                                    –  Би түрлері (халықтар биі, классикалық би, жастар биі);                                     – Акробатикалық элементтер (мостик, шпагат, кувырок, т.б.).                                                       

         Ескерту: видео ұзақтығы 1 минут көлемінде болу керек.

3. Сахна тілі

 Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Талапкер автордың айтайын деген ойын тыңдаушысына толық жеткізе білуі керек: тілдің таза, дауыстарының ашық, ойларының анық болуы шарт. Талапкердің орындауында:                                                                                            

поэзия (жатқа оқу);

мысал (жатқа оқу);

проза (үзіндіні жатқа оқу).

           Ескерту: видео ұзақтығы 1 минут көлемінде болу керек.

Іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге  құжаттар тапсыруға «Рұқсат» (допуск) және өтініш жіберіледі поштасына;

– құжаттарды қабылдау онлайн түрінде 20 маусым – 20 шілде  Priem_college@mail.ru электронды пошта арқылы;

– онлайн консультациялар сайтта (видеосабақтар);

Құжаттарды онлайн қабылдау 20 шілде сағат 18:00 тоқтатылады,

талапкер құжаты толық болмаса емтиханға жіберілмейді!

Қабылдау емтихандары ОНЛАЙН өтеді (вокал, актер шеберлігі, сахна тілі, ана тілінен бақылау жұмысы) 21 шілде – 28 шілде 2020 жыл.

Қабылдау комиссиясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *